Ресей мен Украина арасындағы соғыс көрші елдерге де әсерін тигізіп жатыр. Әлеуметтік, экономикалық тұсын былай қойғанда, көші-қон байланысы да өзгерді. Украиналықтар соғыстан, ресейліктер санкция зардабынан қашып, жан-жаққа көшіп жатыр. Көрші ел ретінде Қазақстанға келіп жатқандары бар. ҰҚК-нің мәліметі бойынша, осы жылдың ақпаны мен сәуірі аралығында Ресейден 128 мың адам келген, былтырғымен салыстырғанда көрсеткіш екі есе көп. Украинадан 3074 адам келген – былтырғыдан 15% артық. Ал наурызда Қазақстанда ЖСН алған ресейліктер саны 2021 жылдың наурызымен салыстырғанда 14 есе өсті деп мәлімдеді ІІМ